ҰҚК трансшекаралық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті
Олар Ресей, Қазақстан, Өзбекстан шекаралары арқылы заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған
Түркістан облысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған трансшекаралық қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Биыл 21 қазанда ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, шекарадан өтуге шектеуі бар адамдарды Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесі бойынша қылмыстық топтың белсенді қатысушысы болып табылатын шетелдік азамат заңға қайшы қызметі үшін 700 мың теңге сомасында ақшалай қаражатты алу барысында ұсталды.
Шетелдік азаматқа және қылмыстық топтың басқа да мүшелеріне қатысты ҚР ҚК-нің 394-бабы 2-бөлігі («Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған адам қамауға алынды.