Halyq Uni логотип
×

Маңғыстауда әкімдік қызметкері алаяқтығы мен пара беруге итермелегені үшін сотталды

Сотталушы тағылған айыпты ішінара мойындады

 Динара Амантай 14.11.2022 | 16:19
Маңғыстауда әкімдік қызметкері алаяқтығы мен пара беруге итермелегені үшін сотталды
Фото: Halyq Uni

Мұнайлы аудандық соты 2022 жылғы 11 қарашада Т. есімді азаматқа қатысты алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін қылмыстық істі қарады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тергеу барысында Т. есімді азамат облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы қызметін атқара отырып, бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қасақана әрекет етіп, жәбірленушіні алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы полигонда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және өңдеуге қатысты кедергілерді жою үшін 1 миллион теңге сомасында пара беруге итермелеген. Нәтижесінде Т. алаяқтық жолмен жәбірленушінің берген ақшасын жымқырмақ болған.

Прокурор соттан сотталушы Т.-ны белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, түпкілікті 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұрады.

Сотталушы Т. және оның қорғаушысы Е. тағылған айыпты ішінара мойындап, соттан бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрады.

Сот барысында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталмады.

Сот үкімімен Т. кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама