×

Астанада қар күреуге мыңға жуық техника мен 2 мыңнан аса жұмысшы жұмылдырылды

Бір түнде арнайы полигондарға шамамен 3,5 мың текше метр қар шығарылған

 Динара Амантай 14.11.2022 | 15:45
Фото: gov.kz

Астана қаласының коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 13 қарашадан 14-іне қараған түні елордадан арнайы полигондарға шамамен 3,5 мың текше метр қар шығарылған. Бұл 276 рейсті құрады.

Жалпы, жарты ай ішінде барлығы 2 815 ауыр жүк көлігі қала көшелерінен арнайы полигондарға 36 мың текше метрден аса қар шығарған.

Бүгін елорданы қар мен мұздан тазартуға 2 300 жол жұмысшысы және 1 мыңға жуық арнайы техника шығып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама