Halyq Uni логотип
×

Интернет-алаяқтар адамдарды 15 млрд теңгеге алдаған

Жыл басынан бері 17,5 мың қылмыс тіркелген

 Дастан Жұмабекұлы 14.11.2022 | 13:59
Интернет-алаяқтар адамдарды 15 млрд теңгеге алдаған
фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бері телефон және интернет алаяқтары азаматтарға 15 млрд теңге шығын келтірген. Бұл туралы ІІМ Киберқылмыспен күрес орталығы басшысының орынбасары Рүстем Дүйсетаев айтты.

Ол соңғы кездері киберқылмыстың, соның ішінде интернет-алаяқтықтардың көбейіп кеткенін, жыл басынан бері 17,5 мың қылмыс тіркелгенін, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға азайғанын атап өтті.

Алаяқтардың кесірінен азаматтар жыл басынан бері 15 млрд теңге көлемінде шығынға ұшырады, –  деді Дүйсетаев ІІМ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, онлайн-сауда – алдаудың кең таралған әдісі. Алты айда осындай жолмен 6 мыңға жуық алаяқтық жасалған. Банктер мен микрокредиттік ұйымдарда жалған онлайн несиелерді тіркеудің 2,8 мың фактісі тіркелген. 1400 жағдайда олар әртүрлі жобаларға – инвестицияға, ставкаларға, ойындарға жасалған.

Сонымен бірге ол фишинг сілтемелерді жіберу арқылы азаматтардың шоттарынан, оның ішінде жеке кабинет құру немесе оған қосылу арқылы 1200 алаяқтық ұрлық жасалғанын айтты.

Банк қызметкерлері мен құқық қорғау органдары атынан қоңырау шалу арқылы алаяқтық жасау алаңдаушылық туғызып отыр. Жыл басынан бері осы әдіспен 3 мыңнан аса алаяқтық жасалған. Мұндай жағдайларда алаяқтар абоненттік нөмірді өзгерту үшін арнайы қызметтерді белсенді пайдаланады. Яғни, орнатылған бағдарламаның көмегімен шынайы абоненттік нөмір басқаға ауыстырылады, –  деді Дүйсетаев.

Ол мұндай қылмыстар 190-баптың 2-бөлігі – «Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу» деп түсіндірді. Онда мүлкін тәркілеумен 4000 АЕК айыппұлдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал алаяқтық қылмыстық топпен немесе аса ірі көлемде жасалған жағдайда кәнілі адам 5 жылдан 10 жылға дейін сотталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама