Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда 7 жастағы балалардың 20%-ы семіздікке шалдыққан – ДДСҰ

Жүрек-қан тамырлары жүйесі зақымданып, бала диабет пен обырға (рак) шалдығуы мүмкін

 Еркеғали Болатұлы 14.11.2022 | 12:00
Қазақстанда 7 жастағы балалардың 20%-ы семіздікке шалдыққан – ДДСҰ
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 7 жасар балалардың 20%-ы артық салмақтан зардап шегіп отыр. Бұл проблема қыз балаларға (17%) қарағанда ұлдар (27%) арасында жиі кездеседі, деп хабарлады Қоғам денсаулығын сақтау ұлттық орталығы.

Бұл статистиканы ДДСҰ жасаған. Онда Еуропа өңірінде балалардың 29%-ының артық салмағы бар екені айтылады. Қазақстанға қатысты дерек те сол статистикаға енгізілген.

Сарапшылар артық салмақ пен семіздік балалардың денсаулығына кері әсер етеді, түрлі жұқпайтын ауруға түрткі болады дейді. Мысалы, жүрек-қан тамырлары жүйесі зақымданып, бала диабет пен обырға (рак) шалдығуы мүмкін.

Қоғам денсаулығын сақтау ұлттық орталығы ғылым және кәсіби білім бөлімінің бас маманы Шынар Әбдірахманованың сөзіне сенсек, мұндай жоғары көрсеткішке қарамастан, елімізде семіздікке қарсы шаралар жүрігізіліп жатыр.

«Күнде балалардың 37%-ы жеміс, 33%-ы көкөніс жейді. Елде зиянды тағамдардың жарнамасына шектеу қоятын түрлі бастамалар жасалды. Қант қосылған сусындарға заң арқылы акциз салу мәселесі, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепте дұрыс тамақтану жүйесін енгізу мәселесі қарқынды қаралып жатыр», – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама