Атыраудың тұрғыны 26 жылдан кейін Ресейдің азаматтығын алды
Ол 1996 жылы төлқұжатын жоғалтып алған
Атырау облысында 35 жастағы азамат жаңа төлқұжат алды. Ол Құрманғазы ауданына 1996 жылы Ресей Федерациясынан отбасылық себептерге байланысты көшіп келген. Алайда оның ұзақ уақыт жеке басын куәландыратын төлқұжаты болмаған.
Бұны Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Серік Габдулов өзіне бекітілген әкімшілік аумақты тексеру кезінде анықтады.
Осы оқиға бойынша Құрманғазы ауданының Көші-қон полиция бөлімшесінің қызметкерлері қырағылық танытып, 35 жастағы азаматтың жеке басын анықтай отырып, тиісті құжаттар тізбесін жинақтап, Ресейдің Орал қаласындағы дипломатиялық мекемесіне хат жолдаған.
Сөйтіп, 35 жастағы тұрғынға Ресей Федерациясының атынан жеке басын куәландыратын төл құжатын рәсімдеу арқылы жаңа куәлігі дайындалып, табыс етілді.