×

Мобилизация: Ресейден Қазақстанға қанша қандастың оралғаны белгілі болды

Жалпы 3 999 этникалық қазаққа ықтиярхат берілген

 Еркеғали Болатұлы 14.11.2022 | 11:15
фото: egemen.kz

Ішкі істер министрлігі 1 наурыздан бастап тұрақты тұруға өтініш берген этникалық қазақтардың санын айтты.

Ведомство мәліметінше, биыл 1 наурыздан 1 қарашаға дейін тұрақты тұруға 3 999 этникалық қазаққа ықтиярхат берілген. Олардың көбі (2 267 адам) Өзбекстаннан көшіп келген екен. Екінші орында Ресей тұр. Ол жақтан 773 адам келген. Одан кейін Моңғолиядан 328, Қытайдан 297, Түрікменстан 172 және Қырғыз Республикасынан 39 қазақ қоныс аударған.

Ірі қалаларға, соның ішінде Шымкентке 785, Түркістан облысына 715, Астанаға 702, Маңғыстауға 608, Алматы облысына 526, Алматыға 326 адам орналасқан.

Ал мобилизация басталғаннан бері Қазақстанға 200 мыңнан аса Ресей азаматы келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама