Halyq Uni логотип
×

«Қазақтар – қытайлар». Қарағандылық әйел тұтас ұлтқа тіл тигізе сөйледі (ВИДЕО)

Бұл факті «Қорлау» бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен тіркелді

 Еркеғали Болатұлы 13.11.2022 | 16:13
«Қазақтар – қытайлар». Қарағандылық әйел тұтас ұлтқа тіл тигізе сөйледі (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Қарағандыда әлеуметтік роликте қазақтар туралы теріс пікір айтқан әйел жауапкершілікке тартылды.

Негізінде ролик жарнама үшін түсірілген. Сауалнамашылар көшедегі адамдардан Қазақ хандығының құрылған уақытын сұрап, дұрыс жауап бергендерге тегін донер берген. Алайда...

Қандай қазақ? Қазақтар мүлдем болған жоқ. Қазақтар – қытайлар, - дейді сауалнамаға қатысушылардың бірі.

Осы видео кейін желіге тарап, әлгі әйел ұлтты қорлағаны үшін жауапқа тартылып, үстінен қылмыстық іс қозғалып отыр.

«Тексеру барысында әйелдің толық жеке деректері анықталды. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Қорлау» бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен Қарағанды қалалық ПБ Орталық полиция басқармасының есепке алу мәліметтері кітабына тіркелді», – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама