×

«Маңғыстауда орташа жалақы – 350 мың теңге». Нұрлан Ноғаев өзі қанша жалақы алатынын айтудан бас тартты

Өңір басшысы маңғыстаулықтардың жалақысы неге жоғары екенін түсіндірді

Нұрлан Ноғаев, облыс әкімі

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қанша жалақы алатыны жайлы журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартты.

Басқа өңір әкімдері қанша жалақы алатынын айтты. Менікі де әріптестерімнің жалақысымен сәйкес. Белгілі бір тариф кестесі бар, соған сәйкес жалақы аламын, - деді Нұрлан Ноғаев.

Маңғыстау әкімі өзінің қанша жалақы алатынын айтпағанымен, өңірде орташа айлық жалақы 350 мың теңгені құрайтынын жасырмады.

Бұл - орташа республикалық деңгейден жоғары. Әдеттегідей, мұнай-газ саласындағылар басқалардан айтарлықтай көп табыс табады, - деп жауап берді.

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып 2021 жылғы қыркүйекте тағайындалды. Оған дейін Энергетика министрі лауазымын атқарды, әр жылдары БҚО, Атырау облыстарын басқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама