Таразда есірткі арнасы жойылды

Қымбат Елтайқызы

Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 10 млн теңгеден асады

фото: ҰҚК

Тараз қаласында есірткі арнасы жойылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

2022 жылғы 20 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз қаласында есірткі құралдарын тасымалдауға және сақтауға қатысы бар деген күдікпен «А» деген азаматты ұстады, – дейді ҰҚК.

Процессуалдық іс-шаралар барысында осы азаматтан 245 г «мефедрон» психотроптық заты табылды. Ол қосымша 500 г «мефедроны» бар құпия орынды ерікті түрде тапсырды. Алынған есірткінің қара нарықтағы құны 10 млн теңгеден асады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту және өткізу) тіркелді.