Екеуі ауыр жарақат алды
Жантүршігерлік жол апаты Қонаев пен Алматы қалаларының арасындағы тасжолда болған, деп хабарлайды Halyq Uni.
36 жастағы жүргізуші жүк көлігін тоқтата алмай, жолаушылар көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Екеуі де Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы орталық облыстық ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Осы факті бойынша ТЖДҚ хабарлады. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.