×

Narxoz университеті зорлық туралы айтқан студентке қатысты ақпарат таратты

Қыз ер адамға «оңбаған», «зорлады» деген сөздер айтқан

 Халық үні 11.11.2022 | 12:09
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Narxoz университетінің ішінде түсірілген видео тарады. Ол жерде қыз ер адамға қандай да бір зорлау әрекеті туралы айтқан.

Оқиға университет хабында 10 қарашада болған, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Видеода қыз ер адамға «сен не?», «оңбаған», «зорлады» деген сөздерді айқайлап айтып, оны кеудесінен бірнеше рет итереді.

Halyq Uni оқу орнының баспасөз қызметімен байланысқа шығып, оқиғаның мән-жайын білді. Университет өкілдері студенттің мінез-құлқында психикалық ерекшелік бар деген пікір білдірді.

«Бейнежазбадағы студент бұған дейін Narxoz университетінде оқыған. Содан кейін Қазақ қатынас жолдары университетіне ауысты. Мінез-құлқына сәйкес психикалық бұзылыстың белгілері бар. 10 қарашада хабқа келіп, өзін дұрыс ұстай алмады», - делінген университеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазір университет басшылығы басқа оқу орнының студентінің кампусқа неге келгенін анықтап жатыр.

«Осы немесе басқа да студенттердің құқығының бұзылғаны туралы арыздар түскен жоқ», деп толықтырды университет.

Мөлдір Бегімбет, Алматы қаласы

Серіктес жаңалықтары

Сараптама