Halyq Uni логотип
×

Риддердегі апат: істен шыққан қазандық қалпына келтірілді

ЖЭО-ға қосымша 4 цистерна мазут жеткізілді

 Динара Амантай 11.11.2022 | 10:46
Риддердегі апат: істен шыққан қазандық қалпына келтірілді
Фото: Halyq Uni

ШҚО Риддер қаласындағы жылу электр орталығында істен шыққан қазандық қайта қалпына келтірілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше түнгі сағат 01:00-де жылу электр орталығындағы №6 қазандық апатты жағдайда сөндірілген болатын.

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, қазір қазандық қайта қалпына келтірілді. Алдағы бірнеше сағатта ол іске қосылып, жылу бере бастайды.

Төтенше жағдай жөніндегі штабтың дерегінше, 11 қараша таңғы сағат 8:00-дегі жағдай бойынша жылу электр орталығындағы температура – 57/44 градус. Ал сыртқы температура – 2 градус.

Сонымен қатар. бүгін ЖЭО-ға қосымша 4 цистерна мазут жеткізілді. Қалада энергия тұтыну 9 МВт (бұрын 12-19 МВт болатын) құрап отыр. Бұл үйлердегі температуралық режим қалпына келе бастағанын және тұрғындардың электр құралдарын аз пайдаланып жатқанын көрсетеді, - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Риддерде жылу электр орталығы істен шығып, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің оқиға орнына барғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама