Halyq Uni логотип
×

Ауыл әйелдері тағы да форум өткізгелі жатыр

Әрбір облыстан 10 әйел қатысады

 Еркеғали Болатұлы 10.11.2022 | 15:30
Ауыл әйелдері тағы да форум өткізгелі жатыр
фото: egemen.kz

Қазақстан ауыл әйелдерінің республикалық форумы биыл бесінші рет ұйымдастырылмақ. Шараға 250 әйел қатысады деп жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов мәлімдеді.

Форумға дайындық ретінде өңірлерде облыс әкімдіктері тарапынан іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Әрбір облыстан 10 әйел қатысады. Оның ішінде дәрігер, мұғалім, кәсіпкер, ауыл шаруашылығымен айналысатын қызметкер, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері де бар, - деді Асхат Сүлейменов.

Ауыл әйелдерінің 30 пайызы өз бизнесін ашу үшін білім алуға өтініш берген. Олар әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жобасы аясында екі бағытта білім алады. Он жылда 60 мыңнан аса адам білім алған. Карантин кезінде де 15 мыңнан аса әйел бизнес ашу үшін онлайн білім алыпты.

Ауылдың жағдайы қаламен салыстырғанда қиынырақ. Инфрақұрылым, білім деңгейі, білімге қол жеткізу мәселесі туралы ақпарат баяу жетеді. Осы мәселелердің барлығын форум деңгейінде талқылап, пікірталас ұйымдастырып, мықты деген әйелдер өз тәжірибесін басқа әйелдермен бөліссін деп осы алаң құрылған болатын, - деді Асхат Сүлейменов.

Ал биылғы ауыл әйелдерінің республикалық форумында «Үздік бизнес идея» байқауының 20 жеңімпазы марапатталады. Оларға 2000-4000 доллар аралығында грант беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама