Бурабай ауданына қарасты Красный кордон ауылының атауы өзгеруі мүмкін
Ауыл атауына қатысты ашық талқылау 23 қарашаға дейін жалғасады
Ақмола облысының Бурабай ауданына қарасты Красный кордон ауылының атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған өңір әкімінің қаулысы мен облыстық маслихаттың шешім құжатында көрсетілген.
Құжатта көрсетілгендей, Бурабай ауданына қарасты Красный кордон ауылы Аққайың ауылы деп өзгертілмек.
Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұсынысты ашық талқылау 23 қарашаға дейін жалғасады.
Еске салайық, бұған дейін Аршалы ауданының (Ақмола облысы) Донецкое ауылы – Анаркөл, Волгодонов ауылы – Елтоқ ауылы және Волгодонов ауылдық округі Елтоқ ауылдық округі деп қайта аталған болатын.