Halyq Uni логотип
×

Риддер қаласындағы ЖЭО-да тағы да ақау шықты: қала әкімі тұрғындарға мәлімдеме жасады

Бұған дейін қалада 22 мың үйдің жылусыз қалғаны айтылды

 Халық үні 10.11.2022 | 11:45
Риддер қаласындағы ЖЭО-да тағы да ақау шықты: қала әкімі тұрғындарға мәлімдеме жасады
фото: Риддер ЖЭО

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы да ақау шықты. Осыған орай Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой ресми мәлімдеме жасады.

Қала басшысының айтуынша, қазіргі уақытта орташа қысымды 3 қазандық жұмыс істеп тұр. Апатты жоюға қажет мамандар мен жабдықтар жұмылдырылған.

«9 қарашада жылу электр орталығындағы №6 жоғары қысымды қазандық іске қосылған болатын. 10 қараша күні түнгі сағат 01:00-де температурасы 65 градусқа жеткен №6 қазандық апатты жағдайда сөндірілді. Бірден жөндеу жұмыстары басталып кетті», – деді қала әкімі.

Еске салайық, 2022 жылғы 3 қарашада Риддер ЖЭО-ны шлактан тазарту үшін №3 қазандық жұмысы тоқтатылды. 4 қарашада №2 қазандық, 6 қарашада қосалқы жабдық бойынша ақауларды жою үшін №1 қазандық және қыздыру бетіндегі ақауларды жою үшін №6 қазандық тоқтатылды.

Соның салдарынан қаладағы 22 мың үйдің жылусыз қалғаны айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама