×

Бурабайлық есепші жылуға бөлінген ақшаға Кипрден үй алмақ болған

Теңгелей қаражатты қолма-қол ақша етіп алып, кейін АҚШ долларына ауыстырған

 Еркеғали Болатұлы 10.11.2022 | 10:30
фото: curiosity

«Бурабай Жылу» мемлекеттік-коммуналдық мекемесінің бас есепшісі, директордың орынбасары және жеке кәсіпкер бюджеттен 101 миллион теңге жымқырған.

Атап айтқанда, бұл – жылу қазандықтарын, желілерді жөндеуге бөлінген қаржы.

Бас есепші сыбайластары арқылы қаражатты қолма-қол ақша етіп алып, кейін АҚШ долларына ауыстырған. Осылайша, 76 миллион теңгесін Солтүстік Кипрде жылжымайтын мүлік алу үшін құрылыс компаниясының түркиялық банктегі шотына аударған.

Соттың шешімімен осы іске қатысы бар адамдардың барлығы Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Шығын толық өтелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама