Астанада аялдама ішінде ер адам қайтыс болды (ВИДЕО)

Динара Амантай

51 жастағы марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

Фото: Halyq Uni

Бүгін сағат 8:20 шамасында «102» нөміріне елордада Бөгенбай батыр даңғылындағы «Көктем» сауда үйі аялдамасынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау келіп түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері бұл фактіні растады. Сондай-ақ олар 51 жастағы марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін анықтады.

Қазір осы факті негізінде қажетті сараптамалар тағайындалып отыр.