Қайғылы оқиға Наурызбай ауданында болған
Алматы қаласында 22 жастағы жүкті келіншек тұрғын үйлердің бірінің 8-қабатынан секіріп өлді.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қазір қайғылы оқиғаның себебі мен басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, жүкті келіншектің мұндай қадамға баруына отбасындағы жанжал себеп болған. Қайғылы оқиға болған үй тұрғындарының ортақ чатында қайтыс болған жүкті келіншектің 2000 жылы дүниеге келгені айтылған.