Оқу жылында сабақ 1 122 сағат болады
Ресей қорғаныс министрлігі мектептер мен техникумдарда алғашқы әскери дайындық сабақтарын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Жоғары сынып оқушыларын соғысқа дайындау оқу уақытының 13 пайызын алады.
Қорғаныс министрлігі мектептер мен техникумдарда 80-жылдары алынып тасталған алғашқы әскери дайындық пәнін қайта жаңғырту жөніндегі ұсынысты қолдады. Ол соңғы екі жылдың көлемінде 140 сағат болуға тиіс. Сабақ беруге соғыс тәжірибесі бар офицерлер тартылуы керек, – делінген хабарламада.
Мұндай ұсынысты министрлікке «Справедливая Россия» партиясының төрағасы Сергей Миронов берді.
Ресей мектептерінің 2022-2023 оқу жылының жаңа күнтізбелік оқу кестесіне 10-11 сынып оқушыларына алғашқы әскери дайындық сабағын енгізу күн тәртібінде тұр. Оқу жылында сабақ 1 122 сағат болады. Осылайша, мектеп оқушыларын соғысқа дайындау оқу мерзімінің 13 пайызын алатын болады.