Коронавирус кеткен жоқ: Қазақстан 210 мың доза Pfizer вакцинасын күтіп отыр

Айнұр Шошаева

5,6 млн қазақстандық ревакцинация алды

Коллаж: Halyq Uni

Қазақстанда коронавирусқа қарсы 570 мың дозы вакцина бар. Жыл соңына дейін Венгриядан гуманитарлық көмек ретінде 210 мыңнан астам Pfizer вакцинасы келеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде коронавирустық бойынша жағдай тұрақты. Республика бойынша соңғы екі аптадағы көрсеткіш 9 пайызға төмендегенін байқалады. ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас сарапшысы Мейірім Сұлтанованың айтуынша, бүгінде күн сайын КВИ-мен жаңа 50 жағдайдан тіркеліп отыр. 

Карантиндік шаралар эпидахуалға байланысты қабылданатын болады. Соңғы рет Қазақстанда шілде-тамыз айларында коронавирустың омикрон штаммы анықталды. Одан басқа жаңа штаммдары тіркелген жоқ, - деді ол. 

Ведомство мамандары соңғы айларда коронавирустан өлім көрсеткіші төменгененін атап өтті. Мәселен, қазан айында COVID-19 инфекциясынан екі қазақстандық көз жұмған. Ал қаңтар-ақпан айында 400-ден астам адам қайтыс болды. 

«Ковидтан қайтыс болып жатқандардың көбі жасы 60-тан асқан азаматтар. Бұл жастағы науқастардың инфекциялық емес, созылмалы аурулары бар. Бұл аурудың асқынуына әкеледі. Атап айтқанда жүрек-қан тамырлары, инсульт, инфракт алған науқастар. Одан кейін тыныс алу органдары ауруларымен тіркеуде тұрған азаматтар бар», – деп қосты министрлік өкілі. 

Биыл Қазақстан үкіметі коронавирус инфекциясына қарсы отандық «QazVac» вакцинасының 1,5 млн дозасын сатып алды. 

Қазіргі кезде қалдықта 570 мың доза вакцина бар. Оның ішінде «QazVac» 225  мың доза, Sinopharm 345 мыңнан астам доза бар. Жақын арада, яғни жыл соңына дейін Pfizer вакцинасы алынады.  Елімізде бұған дейін алынған Pfizer вакцинасы аяқталған болатын, соңғысы өткен айда қолданылды. Қазіргі кезде 210 600 доза күтіліп отыр. Осы айдың ішінде облыстарға таратылып, екпе халық үшін қолжетімді болады деп ойлаймыз, – деді ДСМ Вакцинамен басқарылатын инфекциялық ауруларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева. 

Оның айтуынша, Pfizer вакцинасы Венгриядан гуманитарлық көмек есебінде тегін келеді. 

«Қазіргі кезде күтіп отырған Pfizer вакцинасы Венгриядан гуманитарлық көмек ретінде келе жатыр. Сатып алынып жатқан жоқ. Бірақ дәл осы көлемге біз қосымша вакцинаны ерітетін ерітінді мен қажетті шпирцтарды қоса сатып алып жатырмыз», – деді. 

Айта кетейік, бүгінгі күні ел халқының 57 пайызы, яғни 10,8 млн адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бір дозасын алды. Сондай-ақ 10,6 млн қазақстандық екінші компонентімен егілді, бұл 56 пайызға жақын. Бұған қоса 5,6 млн қазақстандық ревакцинация алды. Бұл аталған науқанға жататын халықтың 70,2 пайызы.

«Сонымен бірге халық арасында ауру жұғу қаупі жоғары контингент бар, ол екінші рет ревакцинацияға жататын азаматтар. Екінші ревакцинацияны осы күнге дейін 1 млн-нан астам адам алды. Халықаралық деңгейде екі ревакцинациядан артық вакцинация ұсынылып отырған жоқ. Біз халықаралық тәжірибені қадағалап отырмыз. Әзірге ДСҰ екінші ревакцинациядан кейін вакцина қажеттілігі туралы арнайы ұсыным әзірлеген жоқ. Сондықтан біз әзірше тек бірінші және екінші ревакцинация жүргізуге ұсыным беріп жатырмыз», – деп қорытындылады Нұршай Әзімбаева.