×

Итальян әйелі қос азаматтығы үшін елден шығарылды

Ол шетел азаматтығын алғаны туралы дер кезінде хабарламаған

 Дастан Жұмабекұлы 08.11.2022 | 10:38
фото: baigenews.kz

Қостанай қаласының полицейлері қос азаматтығы бар әйелді анықтады.

Қостанай облысы әкімдігі көші-қон қызметінің басшысы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, қазанда облыс орталығында көші-қон қызметінің қызметкерлері Италия азаматының 2017 жылдан бері азаматтық заңнамасын бұзып келгенін анықтады.

Әйел шетел азаматтығын алғанын дер кезінде хабарламаған. 4 қарашада Қостанай қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты оны Қазақстаннан шығару туралы шешім қабылдады.

Заң бойынша азаматтар басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы мәліметті құжатты алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе шетелдегі мекемелеріне хабарлауы қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама