Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында оқушы өз-өзіне қол жұмсады

Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр

 Динара Амантай 07.11.2022 | 16:55
Түркістан облысында оқушы өз-өзіне қол жұмсады
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында мектеп оқушысы суицид жасады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 5 қарашада Төлеби аудандық полиция бөліміне жедел жәрдемнен жасөспірімнің өз үйінің ауласындағы мал қорада жіпке асылып қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Ақпарат алысымен полицейлер бірден оқиға орнына барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Сырттай қарау барысында мәйітте зорлық-зомбылық белгілері не болмаса басқа да дене жарақаттары табылмады. Сондай-ақ өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Төлебилік тергеушілер жасөспірімнің жақындарынан, мектеп ұжымы мен оқушылардан жауаптар ала бастады. Мектептегі бейнебақылау камералары мұқият тексеріліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама