Жезөкшелік пен жеңгетайлық: Шымкент қаласы адам саудасы бойынша алдыңғы орында тұр
Мегаполисте былтырмен салыстырғанда мұндай құқықбұзушылық 2,1 есе көбейген
Қазақстанда адам саудасына байланысты құқықбұзушылық көрсеткіші бір жыл ішінде 37 пайызға қысқарған. Бұл туралы статистиканы Ranking.kz порталы мәлімдеді.
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде адам саудасына байланысты 81 құқықбұзушылық тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 37,2 пайызға аз.
Қылмыстың басым бөлігі жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притон ұйымдастыруға немесе ұстауға байланысты болды: 44 жағдай. Ал осыдан бір жыл бұрын мұндай құқықбұзушылық 75 рет тіркелген еді.
Тағы 11 жағдай адам саудасына, 9 жағдай кәмелетке толмағандар саудасына, 8 жағдай кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеуге, 6 жағдай жезөкшелікпен айналысуға тартуға, 3 жағдай қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыруға қатысты болды.
Өңірлер арасында адам саудасына байланысты құқықбұзушылық Шымкентте жиі тіркелген: 17 жағдай. Мегаполисте былтырмен салыстырғанда мұндай құқықбұзушылық 2,1 есе көбейген.
Екінші және үшінші орында Астана (13) және Алматы (12) болды.
Облыстар арасында Қостанай (7) және Қарағанды (5) өңірлері бұл көрсеткіш бойынша алғашқы бестікте тұр. Ұлытау және Ақтөбе облыстарында бір де бір құқық бұзушылық тіркелмеген.