×

Арзан киімге ұмтылған Шымкент тұрғындары бірін-бірі таптай жаздады (ВИДЕО)

Олар есік алдында кептеліп қалған

 Еркеғали Болатұлы 06.11.2022 | 16:33
фото: видеодан скриншот

Адамдардың жаппай сығылысуына әкелген акциядан кейін Шымкенттегі спорт киімдері дүкенінің иесі айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова мәлімдеді.

Нақты айтқанда, кеше Тәуке хан даңғылының бойында орналасқан сауда үйлерінің бірінде спорт киімдері арзанға сатылады дегенді естіген жұрт жаппай сонда ағылған. Салдарынан олар есік алдында кептеліп қалған.

«Зардап шеккендер жоқ. Бүгінде Еңбекші аудандық полиция бөлімінің полицейлері сауда орнының иесін анықтады. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді Салтанат Қаракөзова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама