Назарбаев көшесінде тротуарға шығып кеткен көлік жаяу жүргіншіні соқты (ВИДЕО)
Жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді
Петропавлда жол апаты салдарынан жаяу жүргінші зардап шекті деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін, 5 қарашада сағат 12.20 шамасында Назарбаев пен Интернациональная көшелерінің қиылысында Škoda Rapid және Chevrolet автомашиналары соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet автокөлігі тротуарда тұрған 2004 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді.
Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес екі жүргізуші де мас болмағаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жиналған іс материалдары тиісті шешім қабылдау үшін Петропавл қаласы Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне берілді.