Қазақстан мектептері мен колледждерінде бір маманға 700 оқушыдан келеді
Қазақстан мектептері мен колледждерінде бір маманға 700 оқушыдан келеді. Бұл туралы Қазақстан әйелдер күштері Альянсы ЗТБ басшысының орынбасары Баян Тойкебаева мәлімеді, деп хабарлайды Halyq uni.
Өткен аптада екі бірдей бала: 18 жасар ұл мен 14 жасар қыз өзіне қол салды. Бұл ауыр трагедия және жасөспірімдердің суицидінің алдын-алу және оған жол бермеу мәселесі күн тәртібіндегі өткір мәселе екенін көрсетеді, - деп жазды ол.
Белсенді көп жылдан бері еліміз жасөспірімдер суициді бойынша алғашқы ондықта тұрғанын айтады.
Әрі бұл рейтингтен шыға алмай келеді. Жыл сайын қайталанып айтылып жатқан, алайда шешімін таппаған жүйелік мәселелер бар. Негізгі проблемалардың бірі - психологтардың, тәуекел тобындағы балалармен жұмыс жөніндегі мамандардың біліктілігі мен дайындық деңгейінің жеткіліксіздігі, - деп қосты ол.
Сонымен бірге, «Құқық» қоғамдық қорының мәліметін мысалға келтірді. Мәселен, қазіргі күні елордада балалар психологтары мен суицидологтары тапшы.
Егер мектеп мен колледждардағы психологтардың жұмысын айтар болсақ, онда бір маманға 700-ге жуық бала келеді, ал кейбір мектептерде кейде 1500-ге дейін бала жетеді. Жұмыс сапасы айтпаса да түсінікті. Шын мәнінде мектеп психологтары әрдайым тиісті біліктілікке ие бола бермейді. Сондықтан мектептер мен колледждердегі психологтардың саны бойынша нормативтерді қайта қарау қажет деп санаймын. Бұл тестілеу арқылы балаға бірдеңе болғанын кәсіби деңгейде байқауға болатын алғашқы инстанция, - деді Баян Тойкебаева.
Еске сала кетейік, өткен аптада елордада жас жігіт 24-қабаттан секіріп кеткен болатын.