Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда ресейліктер үйінде 5 келіден аса есірткі сақтаған (ВИДЕО)

Аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 04.11.2022 | 16:30
Қарағандыда ресейліктер үйінде 5 келіден аса есірткі сақтаған (ВИДЕО)
Фото: polisia.kz

Қарағандыда тұрмыстық жанжалды шешуге барған полицейлер үйден 5 келіден аса есірткі тәркіледі деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Қарағанды қаласындағы жеке үйлердің бірінде тұрмыстық жанжал болған. Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің полиция жасағы жіберілді. Үйде 55 жастағы үй иесі, сондай-ақ азаматшаның 28 жастағы ұлы болды. Олар Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Сонымен қоса, ол үйге Грузиядан қонаққа келген 53 жастағы азамат болған.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау барысында үйдегі бөлмелердің бірінен ыдыста тұрған жасыл түсті иісі бар өсімдік тектес зат тапқан. Тәртіп сақшыларының жүргізген жедел жұмыстары барысында аталған үйдің гаражынан қара полимерлік пакетке салынған төрт қарасора сабақтары және есірткі пайдалану құралдары тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 5 келі 200 грамм марихуана екені белгілі болды. Ұсталғандарға қатысты жүргізілген медициналық куәландыру барысында 28 жастағы азаматтың есірткі пайдаланғанын көрсетті.

Аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама