Кентау әкімі 42 млн теңге парамен ұсталды
Ол ақшаны жол жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан алған
Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі М.Д.-ға қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімін әшкереледі. Ол 2022 жылғы 23 ақпанда өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аталған қалада автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 доллар (42 млн 500 мың теңге) сомасында пара алған, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Қазір күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.