×

Ақтөбеде заңгер де алаяққа алданып қалды

Юрист 1 млн теңгеден аса ақшасынан айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 04.11.2022 | 14:36
фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде қазан айының соңында Темір ауданындағы мекемелердің бірінің заңгері өзін тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымының қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамға алданып қалды.

Ол заңгерге қоңырау соғып, оның атына 1 млн теңгеден астам несие рәсімдеп жатқанын, шоттарды қорғау үшін  қауіпсіз шотқа ақша аудару керектігін айтқан. Заңгер қоңырау шалушының айтқанын істеп, 1 млн теңгеден астам ақшасынан айырылған.

Қазір осы оқиғаға байланысты күдікті адам іздестіріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама