Ақтөбеде заңгер де алаяққа алданып қалды
Юрист 1 млн теңгеден аса ақшасынан айырылды
Ақтөбеде қазан айының соңында Темір ауданындағы мекемелердің бірінің заңгері өзін тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымының қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамға алданып қалды.
Ол заңгерге қоңырау соғып, оның атына 1 млн теңгеден астам несие рәсімдеп жатқанын, шоттарды қорғау үшін қауіпсіз шотқа ақша аудару керектігін айтқан. Заңгер қоңырау шалушының айтқанын істеп, 1 млн теңгеден астам ақшасынан айырылған.
Қазір осы оқиғаға байланысты күдікті адам іздестіріліп жатыр.