Қаңтар оқиғасында бірнеше қылмыс жасаған адам бес жылға сотталды
Ол қала тұрғынын да тонап кеткен
Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздікке қатысып, бірнеше қылмыс жасаған Өскемен қаласының тұрғыны бес жылға сотталды.
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының хабарлауынша, ол жаппай тәртіпсіздік кезінде бірнеше қылмыс жасаған. Соның ішінде оның адамды тонағаны да анықталды. Ер адамға қатмысты сот үкімі шықты.Сондай-ақ полиция қызметкерлері ұстаған кезде одан атыс қаруы табылды. Осыған байланысты сот ісі Өскемен қалалық сотында қаралған.
«Сотталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 272-бабы 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздікке қатысу), 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Адамға қауіпті емес күш қолданамын деп қорқытып жасалған тонау), 287-бабы 1-бөлігі (Атыс қаруын, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау және алып жүру) бойынша кінәлі деп танылды. Қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне байланысты сот ер адамды 5 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», – делінген ақпаратта.