×

Үкімет басшысы бағаның өсуіне ведомстволарды кінәлады

Премьер-министр Сауда комитетінің төрағасын қызметінен босатуды тапсырды

 Дастан Жұмабекұлы 03.11.2022 | 15:28
фото: almaty.tv

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері басшылығының қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңесте премьер-министр азық-түлік бағасының өсуіне байланысты мемлекеттік органдардың жұмысын сынға алды.

Еліміздің жер-жерінде бағаның өсуі әкімдіктер, Ауыл шаруашылығы мен Сауда және интеграция министрліктерінің жұмысының кесірінен болып отыр. Өз міндеттерін тиісті дейгейде орындамағаны үшін облыс әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын, –  деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, премьер-министр Сауда және интеграция министрлігіне осы бағытқа жетекшілік ететін шенеуніктерді тәртіптік жауапкершілікке тартуға ұсыныс енгізуді, Сауда комитетінің төрағасын қызметінен босатуды тапсырды.

Кеңесте ол басшысы жыл басынан бері азық-түлік инфляциясының 20,5%-ға жеткенін, қазан айында жұмыртқаның 7,6%-ға, ұнның 3,9%-ға, күріштің 3%-ға, сүттің 2,2%-ға қымбаттағанын, соған байланысты мемлекеттік органдар тиісті шара қолдану керектігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама