Halyq Uni логотип
×

ҚТЖ-ның 59 шенеунігі əкімшілік жауапкершілікке тартылды

Көлік комитеті магистральдық теміржол желісінің 8 объектісін тексерді

 Дастан Жұмабекұлы 03.11.2022 | 14:15
ҚТЖ-ның 59 шенеунігі əкімшілік жауапкершілікке тартылды
фото: ашық дереккөз

«Қазақстан темір жолы» компаниясының 59 шенеунігі əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы бүгін бас прокурор Берік Асылов айтты.

Оның айтуынша, биыл Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері магистральдық теміржол желісінің 8 объектісін тексерген. Соның нәтижесінде əртүрлі бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Ішкі істер министрлігі Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігімен жəне «Қазақстан темір жолымен» бірігіп, тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша ҚТЖ-ға 832 ұсыныс жіберілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 479-бабы бойынша ҚТЖ-ның 59 лауазым иесі əкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама