Airbus A320-232 Алматыға қайтып оралды
FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы Шымкент қаласының әуежайына қона алмай, Алматыға оралуға мәжбүр болды. Бұл ақпаратты Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі растады.
Flightradar24 сервисінің деректеріне қарағанда, Airbus A320-232 борты кеше сағат 11:10-да Алматыдан ұшып, Шымкент қаласының әуежайына келгенде, қонуға мүмкіндігі болмаған. Сол себепті, Алматыға қайта оралуға мәжбүр болды.
FlyАrystan ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкентке қона алмады. Сондықтан кідіріс болды, – деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
Оқиғаға байланысты FlyArystan әлі түсініктеме берген жоқ.