×

Шымкентте заңсыз аңшылықпен айналысқан 6 адам ұсталды

Олардың аңшылық жасауға рұқсат қағаздары болмаған

 Динара Амантай 02.11.2022 | 16:58
Фото: polisia.kz

Шымкентте заңсыз аңшылықпен айналысқан 6 азамат ұсталды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 31 қазанда Шымкент қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобы Қаратау аудандық ПБ-ның учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізген. Шара барысында арнайы топ қала аумағындағы Қайнарбұлақ тұрғын алабының жанындағы жазық даладан күндізгі сағат 13:30 шамасында заңсыз аңшылықпен айналысып жүрген 6 ер адамды анықтады. Тәртіп сақшылары олардың қаруларын тексеру кезінде заңды тіркелгені белгілі болды. Алайда ешбірінің аңшылық жасауға рұқсат қағаздары болмаған.

Осыған байланысты күдікті 6 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі («Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидалаларын бұзу») бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары оларға заңмен тыйым салынған құралдарды сатудағы шектеулер туралы толығырақ айтып, заңсыз аңшылықпен айналысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама