Тұтынушылар коммуналдық қызметке 14 млрд теңгеге жуық ақшаны төлемеген
Роман Скляр жылу жабдықтарының 66 пайызы тозғанын айтты
Елімізде қазан айындағы жағдай бойынша тұтынушылардың коммуналдық қызмет үшін 14 млрд теңгеге жуық қарызы бар деп мәлімдеді премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр.
Қазан айындағы жағдай бойынша тұтынушылардың коммуналдық қызмет үшін қарызы 13,7 млрд теңгені құрайды, - деді ол Мәжіліс депутаты Бекқали Торғаевтың сауалына берген жауабында.
Сондай-ақ Роман Скляр ЖЭС пен жылу желілерінің жылу беру маусымына дайындығы туралы негізгі мәліметтерді айтты. Ал бұған дейін ол Қазақстандағы ЖЭС-тің 76 пайызы 50 жылдан аса жұмыс істегенін, жабдықтардың орташа тозуы 66 пайыз болатынын айтқан еді.