Мемлекеттік мектептерде директор қоры құрылады
Қор мұғалімдерге үстемеақы беріп, дипломмен марапаттайды
Өзбекстандағы барлық мемлекеттік мектептерде директор қоры құрылады.
Осы елдегі «Құқықтық ақпарат» арнасының хабарлауынша, директор қорының қаражаты тек мұғалімдерге үстемеақы белгілеуге арналады.
Мектептің оқу-тәрбие процесіне үлкен үлес қосып, өз мамандығына адалдық пен бастамашылдық танытқан кәсіби деңгейі жоғары дарынды ұстаздар үстемеақы алып, марапатталады.
Мектеп қызметкерлеріне директор қорынан ай сайынғы үстемеақы және басқа да ынталандыру шараларын тағайындау туралы шешімді мектеп жанындағы арнайы комиссия құрамы қабылдайды.
Бұл ретте халыққа білім беру бөлімдері мектеп жанындағы арнайы комиссияның қызметіне және олар қабылдаған шешімдерге араласпайды.