×

Қазақстан 78 елдің азаматтарына визасыз келуге рұқсат берді

Бүгінде 28 мемлекетке қатынайтын 112 халықаралық рейс іске қосылды

 Дастан Жұмабекұлы 02.11.2022 | 13:53
фото: inbusiness.kz

Қазақстанға 78 елдің азаматтары визасыз кіре алады. Биыл Андорра, Иран, Қытай үшін визасыз режим енгізілді.

Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туризм қауымдастығының өкілдерімен кездесуде айтты. Оның айтуынша, Қазақстанға визасыз кіретін елдердің қатары артқан.

Бұған дейін пандемияға байланысты шекаралар жабылып, шектеулер қойылған еді. Қазір барлық шектеу алынып тасталды. Енді Қазақстанға 78 елдің азаматтары тағы да визасыз кіре алады.

Бүгінде 28 мемлекетке қатынайтын 112 халықаралық рейс іске қосылды. Биыл Андорра, Иран, Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізілді», –  деді Ержан Еркінбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама