Белгісіз жағдайда қаза тапқан сарбаздардың қатары азаймай тұр
Әскердегі әлімжеттік пен тәртіпсіздікті түзейтін кез келді. Ондағы әр оқиға жіті зерттеліп, болашақта мұндай олқылықтар орын алмайтындай жағдай жасалуға тиіс.
Бұл туралы Сенаттың халықаралық қатынастар, қарулы күштер мен қауіпсіздік комитетінің отырысында айтылды. Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед соңғы кездері әскерде белгісіз жағдайда қаза тапқан сарбаздардың қатары азаймай тұрғанын жеткізді.
Сондықтан біз бұл жағдайлардың қайталанбауы үшін заңдық тұрғыда құжаттар қабылдауымыз керек, - дейді сенатор.
Депутаттар қазір әскерде келісімшарт бойынша борышын өтеп жүргендердің үлесі 70 пайыз екенін алға тартып, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жағын қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ әскерилердің біліктілігін арттыру ісі де маңызды.