×

Елімізде 1 наурызда әскерге шақыру басталады

Биыл әскер қатарын 17 мың жас сарбаз толықтырады

 Халық үні 25.02.2022 | 12:00
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 1 наурызда әскерге қабылдау жұмысы басталады. Биыл әскер қатарын 17 мың жас сарбаз толықтырады. Бұл туралы еліміздің Қарулы күштері Бас штабы департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов мәлімдеді.

Биылғы 1 наурыздан бастап жергілікті атқарушы органдардың әскерге шақыру пунктерінде әкімдер орынбасарларының төрағалық етуімен қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысын бастайды. 1 шілдеге дейін Қарулы күштер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі әрі Ұлттық ұлан қатарын 17 мыңнан астам жас сарбаз толықтырады. Қолданыстағы заңға сәйкес, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босауға негіз жоқ 18-27 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары мерзімді әскери қызметке шақырылады, - деді Жүсіпов ОКҚ брифингінде.

Ер адамдар әскерге электронды үкімет порталы мен SMS хабарламалар арқылы шақыртылмақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қаржы пирамидасына қай өңір тұрғындарының жиі алданатыны айтылды

Онда 12 қаржы пирамидасынан 20 мыңнан аса адам зардап шеккен
30.03.2023 | 16:23

Алматы облысында 8 жасар ұлды зорлаған жасөспірімдер ұсталды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
30.03.2023 | 16:00

«Нұрбанк», Halyk Bank... Қазақстандық 6 қаржы ұйымы мемлекеттен көмек алған

Олардың балансындағы проблемалық активтер мен өте үлкен шығындар деңгейі анықталды
30.03.2023 | 15:30

Қарағандыда моншадан өрт шықты

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
30.03.2023 | 15:20