Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген
Маңғыстауда полицейлер 12 жыл бойы іздеуде болған алаяқ әйелді ұстады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының тумасы – 54 жастағы әйел ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігінде («Алаяқтық») көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болған. Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген.
Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстады, – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары оны Алматы қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.