Ол жөнінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният та пікір білдірді
Ақын Жүрсін Ерманның денсаулығына байланысты зайыбы Бақытжамал Ерманова айтып берді.
Ауруханаға түскенде қатты алаңдап едік. Қазір жағдайы жақсарып келе жатыр. Қасында дәрігері, медбикесі бар. Бізді кіргізбейді. Тек хабарын біліп отырмыз. «Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады» дейді ғой. Таяу арада жазылып, қатарымызға қосылып кетеді деген үмітіміз бар. Жақсы ниетпен отырмыз, - депті Бақытжамал Ерманова, Caravan.kz-ке берген жауабында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені туралы жазған болатынбыз. Кейін ол жөнінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният та пікір білдірген.
«Жүрсін ағамыздың денсаулығы толық бақылауда. Ауру асқынып, сепсиске айналыпты. Дәрігерлер қарап жатыр. Тиісті ем жасалуда. Уақыт пен сабыр керек», - деген еді сонда министр.