×

Иранда шетелдік контрабанда танкері ұсталды

Көлікке 11 млн литр жанар-жағармай тиелген

 Дастан Жұмабекұлы 01.11.2022 | 15:57
фото: ашық дереккөз

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының теңіз күштері елдің оңтүстік аумағында 11 млн литрден аса контрабандалық жанармай тасымалдаған шетелдік мұнай танкерін ұстады.

Tasnim агенттігінің хабарлауынша, кеме бортындағы контрабандалық жанармайдың құны 6,87 млн долларға бағаланған.

Танкердің капитаны мен экипаж мүшелері қамауға алынды.

Иранда жанар-жағармай бағасына мемлекет тарапынан берілген субсидия көмегінде жанармайдың елден контрабандалық жолмен шығарылуы қомақты табыс әкелетін бизнеске айналып, соңғы бірнеше айда Иран Әскери-теңіз күштері бортында контрабандалық жанармай тасымалдаған көптеген кемелерді ұстаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама