×

Шардара ауданында мектеп директорының орынбасары жүкті мұғалімді ұрып-соққан

Басқа мұғалімдер де басшылықтан теперіш көргенін айтып отыр

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Шардара ауданына қарасты Көксу ауылындағы Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы директорының орынбасары жүкті қызметкерді (келіншек – ред.) әріптестерінің көзінше соққыға жыққан.

Мектеп мұғалімі осы оқиғадан кейін құрсағындағы нәрестесінен айырылған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Мені итеріп жіберді, сосын құлап қалдым. Сосын шашымнан жұлып, басымнан ұра бастады. Аузына келгенін айтып, мені балағаттады. Жезөкше деп атады, - дейді оқытушысы Сандуғаш Жақыпова.

Жанжал ұжымның жалпы жиналысында болған. Жәбірленушінің сөзінше, директордың орынбасары оны үйімен бірге өртеп жіберетінін айтып қорқытқан.

Сандуғаштан бөлек, басқа мұғалімдер де басшылықтан теперіш көргенін айтып отыр.

«Ол оқу сағаттарын құруға үнемі араласатын. Бәрін өзі қалағанындай істегісі келетін. Тіпті, біздің жеке өмірімізге де араласатын. Директордың орынбасары Райгүл Мұсалиева әріптестерге өзі соққыға жыққан Сандуғашпен сөйлеспеңдер деп тапсырды. Егер сөйлессек, мұның салдары болатынын айтты», - дейді мектеп мұғалімі Бибігүл Исаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Артында 3 баласы қалды»: Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеген ер адам көз жұмды

Ер адам айна жасайтын зауытта жұмыс істеген
30.03.2023 | 06:05

Ақтөбедегі қанды оқиға: марқұмдардың туысы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Енесі қаралы хабарды таң ата тәртіп сақшыларынан естігенін айтады
30.03.2023 | 01:44

Ақтөбе облысында қайғылы жағдай болды: шетелдік ерлі-зайыпты көз жұмды

48 жастағы жүргізуші және оның 49 жастағы әйелі оқиға орнында көз жұмды
29.03.2023 | 23:45

Түркістанда 4 күн бұрын жоғалған 11 жасар қыз видеоға түсіп қалған

Видеода Інжу Ескермес құрбысымен бірге жолдың бойымен кетіп бара жатыр
29.03.2023 | 22:26