Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады
Астанада 18 жастағы жігіт суицид жасап, 24-қабаттан секіріп кетті деп хабарлады Halyq Uni тілішісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 31 қазан күні Есіл ауданының полиция басқармасына Қабанбай батыр даңғылынан сағат 19.30 шамасында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру келіп түскен.
Тексеру барысында аталған факті расталды. Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Ол 24-қабаттан секірген 18 жастағы елорда тұрғыны болып шықты, – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.