×

Шетелде Қазақстан университеттерінің филиалдары ашылады

Бұл жұмыс «Жібек жолы» халықаралық жобасы аясында жүргізіледі

 Дастан Жұмабекұлы 01.11.2022 | 14:00
фото: ашық дереккөз

Бүгін Үкімет отырысында еліміздегі білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау кезінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру жөніндегі жұмыстың одан әрі жалғаса беретінін  айтты.

Ол еліміздің жоғары оқу орындарының мүмкіндіктерін кеңейтіп, пайдалану үшін жақын және алыс шетелдерде филиалдар ашу мәселесі қарастыралатынын атап өтті.

Жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру жөніндегі жұмыс жалғасады. Әріптестермен бірігіп, Қазақстан платформасында Орталық Азия елдерінің өзара іс-қимылын үйлестіретін бюро құру мәселесі пысықталды, – деді Саясат Нұрбек.

Осы ретте, ол шетелде отандық оқу орындарының бөлімшелерін ашу жұмысы Қазақстанның «Жібек жолы» халықаралық жобасы аясында жүргізілетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама