Қостанайда тағы бір қыз жоғалып кетті
17 жастағы бойжеткен төрт күннен бері іздестіріліп жатыр
Қостанайда полицейлер жоғалып кеткен 17 жастағы қызды іздестіріп жатыр.
29 қазан күні Қостанай қаласының тұрғыны Ирина Сергушова бокс үйірмесіне барамын деп үйіне қайтып келмеген. Сол күні оның анасы қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған.
Анасының айтуынша, Ирина шамамен екі жеті бұрын жаттығуға бара бастаған. Қазір полиция қызды іздестіріп жатыр.
Қостанай облысының полиция департаменті жоғалған қыздың қайда екенін білетіндер болса, 102 телефонына, полицияға хабарласуларын сұрайды, – деп хабарлады жергілікті ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қостанай облысында Мәдина Ерланқызы есімді 5 жасар қыз жоғалып кеткен болатын. Бірақ оны ажалдан ешкім арашалай алмады. Мәдинаны 1 500 адам іздеуге шығып, төрт күн бойы іздеді. Бұл суық хабар бүкіл ел үшін қайғылы оқиға болды.