×

Жамбыл облысында пойыз бен көлік соқтығысып, 6 адам қаза тапты

Қажетті сараптамалар тағайындалды

 Динара Амантай 01.11.2022 | 12:16
Коллаж: Halyq Uni

Жамбыл облысында автокөлік пен пойыз соқтығысып, соның салдарынан 6 адам қаза тапты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 1 қараша күні сағат 08.55 шамасында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызының Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Көлік апатының салдарынан 6 адам қаза тапты. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр, – деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысындағы ҰҚК қызметкерінің жеңіл көлік пен жүк пойызының арасында қалып қойып, мерт болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама