Мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде нотариалдық қызметтерді электронды түрде көрсетуге мүмкіндік жасалады
Өзбекстанда сотталғандарға мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде нотариалдық қызметтерді электронды түрде көрсетуге мүмкіндік жасалады. Осыған байланысты қылмыстық-атқару мекемелерінің ішкі тәртіп ережелеріне толықтырулар енгізіледі.
Ішкі істер министрлігі тарапынан ұсынылған жобада қылмыстық-атқару мекемелеріндегі сотталғандар электрондық мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде нотариаттық қызметтерді пайдалану үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің әкімшілігі арнайы бөлме қарастырады.
Сондай-ақ сотталғандарға арналған бұл бөлме веб-камера және интернет желісіне қосылған компьютерлік техникамен жабдықталады.